АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда 2010 жылдан бері алғаш рет банк лицензиясы берілді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
"Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "БиЭнКей" коммерциялық банкі" АҚ-ға банк операцияларын жүргізуге лицензия берді", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше бұл – Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банк лицензиясы.
"Бұл оқиға Қазақстанның қаржы жүйесінің жаңа кезеңді ашуға — корпоративтік басқару деңгейі жоғары және технологиялық тұрғыдан жетілген жаңа шетелдік қатысушыларды тартуға дайындығын растайды", - деп түсіндірді мамандар.
"БиЭнКей" коммерциялық банкі" АҚ әмбебап цифрлық сервистерді дамытуға, шағын және орта бизнеске кредит беруге және автокөлік алуға кредит беруге бағдарланған.
Жаңа банктің активтері 25,8 млрд теңгені, кредиттік портфель 21,8 млрд теңгені құрады. Банк болашақта ТМД нарығына шығуды көздеп отыр.