АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен:
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1.
"Egemen Qazaqstan" газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;2.
"АЙҚЫН-ЛИТЕР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;3.
"Казахстанская правда" газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;4.
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1.
"Kokshe" телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға;2.
"Jibek Joly / Silk Way" телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;3.
"Abay Live" YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;4.
"Тengrinewskz" сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
1.
"Ana tili" газетінің шығармашылық ұжымына;2.
"BALAPAN" телеарнасының шығармашылық ұжымына;3.
"Soltustik Qazaqstan" газетінің шығармашылық ұжымына;4.
"Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.