Ақтөбеде бойжеткен жоқ пәтерді жалға берген

Күдіктінің кем дегенде бес адамды жоқ пәтерді жалға беремін деп алдағаны белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбеде жоқ пәтерді жалға берген бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласында бірнеше азамат пәтерді жалға алу кезінде алаяқтықтың құрбаны болды.
Жәбірленушілердің айтуынша, олар Telegram мессенджерінен пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы хабарландыру тапқан. Алайда алдын ала төлем жасағаннан кейін хабарландыру авторы байланысқа шықпай қойған.
"Азаматтар алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында күдіктінің кем дегенде бес адамды жоқ пәтерді жалға беремін деп алдағаны белгілі болды. Ол жәбірленушілерден алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Шымкентте оқушыны 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды