АЛМАТЫ, 24 маусым — Sputnik. Air Astana әуе компаниясы атысты тоқтату туралы ресми мәлімдеме жасалған жағдайда 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Қақтығыс одан әрі шиеленісе, 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа рейстер тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жағдайды бағалау үшін Алматыдан Дубай мен Дохаға ұшатын рейстерді кейінге қалдыру жоспарланып отыр.
Әуе компаниясы жолаушыларға ресми сайтта рейстердің мәртебесін бақылап отыруды ұсынды.