Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина келіссөздің үшінші кезеңін өткізу күнін бірлесіп анықтайды

Песков журналистердің делегациялар арасындағы келесі келіссөздің күнін кім белгілейтіні туралы сұраққа жауап берді
Sputnik
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресей мен Украина келіссөздің үшінші кезеңінің күнін бірлесіп анықтайды. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Нақты күні бірлесіп анықталады. Оны ресейлік және украиналық тарап анықтайды", - деді Песков ПХЭФ-те журналистердің делегациялар арасындағы келесі келіссөздің күнін кім белгілейтіні туралы сұрағына жауап бере отырып.
18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы – "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі".
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды