АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің бірінші орынбасарлары Роман Скляр мен Денис Мантуров екі ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық жобаларын талқылады, деп хабарлайды Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
"Металлургия, энергетика, автомобиль өнеркәсібі және фармацевтика салаларын қоса алғанда, ынтымақтастықтың басым жобаларын жүзеге асыруға негізгі назар аударылды", - делінген хабарламада.
Екіжақты жобалар портфелінде құны 26 миллиард доллардан асатын 135 жоба бар.
40-қа жуық жоба сәтті жүзеге асырылды, басқалары іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі кезеңдерінде тұр. Соның ішінде "ЕуроХим", "Татнефть", "Сибур", "Ростсельмаш" және басқа компаниялардың жобалары бар.
20 Маусым 2025, 19:36