https://sputnik.kzhttps://t.me/sputnik_aitady/24563
Қазақстанды ең жақын одақтасымыз деп санаймыз - Ресей премьер-министрінің орынбасары
Қазақстанды ең жақын одақтасымыз деп санаймыз - Ресей премьер-министрінің орынбасары
Sputnik Қазақстан
Тараптар екі ел арасындағы электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады 20.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-20T19:36+0500
2025-06-20T19:36+0500
2025-06-20T20:26+0500
қазақстан
ресей
/i/logo/logo-social.png
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының орынбасарлары ПХЭФ-2025 форумында кездесті, деп хабарлады РФ үкіметі.Александр Новак пен Роман Скляр екі ел арасындағы электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.Оның айтуынша, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық табысты дамып келеді, өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика салаларында бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.Ресей үкіметінің өкілі "әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге шешуші үлес қосатын" Ресей мен Қазақстанның ОПЕК+ келісім форматындағы өзара іс-қимылын жоғары бағалады.Сонымен қатар тараптар электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, сондай-ақ ресейлік мұнай мен газды Қазақстанға және оның аумағы арқылы транзитпен жеткізу шарттарын талқылады.Александр Новак Роман Скляр мен Қазақстан делегациясын 15-17 қазан аралығында Мәскеуде өтетін жыл сайынғы халықаралық "Ресей энергетикалық апталығы" форумына қатысуға шақырды.@sputnik_aitady
https://sputnik.kz/20250620/pkhef-2025-shygys-qazaqstan-oblysy-men-tver-oblysy-memorandumga-qol-qoydy-54902394.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Қазақстанды ең жақын одақтасымыз деп санаймыз - Ресей премьер-министрінің орынбасары
19:36 20.06.2025 (жаңартылды: 20:26 20.06.2025) Тараптар екі ел арасындағы электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының орынбасарлары ПХЭФ-2025 форумында кездесті, деп хабарлады РФ үкіметі.
Александр Новак пен Роман Скляр екі ел арасындағы электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады.
"Біз Қазақстанды ең жақын одақтасымыз және стратегиялық серіктесіміз деп санаймыз", - деді Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак.
Оның айтуынша, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық табысты дамып келеді, өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және цифрлық экономика салаларында бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.
"Ресей Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы болып қала береді, 2024 жылы инвестиция өсімі 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ды құрайды", - деді Александр Новак.
Ресей үкіметінің өкілі "әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге шешуші үлес қосатын" Ресей мен Қазақстанның ОПЕК+ келісім форматындағы өзара іс-қимылын жоғары бағалады.
Сонымен қатар тараптар электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, сондай-ақ ресейлік мұнай мен газды Қазақстанға және оның аумағы арқылы транзитпен жеткізу шарттарын талқылады.
Александр Новак Роман Скляр мен Қазақстан делегациясын 15-17 қазан аралығында Мәскеуде өтетін жыл сайынғы халықаралық "Ресей энергетикалық апталығы" форумына қатысуға шақырды.
@sputnik_aitady