АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдар өңірдің бірқатар елді мекенінде соққан дауылды желдің салдарынан келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, комиссия залал келтірілген орындарға барып, зардап шеккен азаматтардан өтініштер қабылдап жатыр.
"Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстың үш қаласында және бірқатар аудандарында ТЖ режимі жарияланады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданады.
Өтінімдер беру бойынша телефон нөмірлері мына жерден білуге болады.