АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66, Ираннан 78 Қазақстан азаматы шығарылды.
Айта кетері, Израильден отандастарымыз Мысыр аумағы арқылы, Ираннан Армения, Әзербайжан, және Түрікменстан арқылығы шығарылған.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, дейді министрліктегілер.
"Сыртқы істер министрлігі Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
18 Маусым, 16:45