Алматыда автобус жол апатына түсті

Автобус бағдаршамда тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне соғылды
Sputnik
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматы қаласында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты бүгін таңғы 6:00-де Әуезов ауданында болған. Жандосов көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі солға Яссауиге бұрылғанда рөлге ие бола алмай, бағдаршамда тұрған Chevrolet Cobalt көлігіне, одан кейін инерциямен үйдің астындағы сауда орнына соғылған.
"Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін Түрксіб ауданында автобус апаты болған. Оған дейін тоқтап тұрған троллейбусқа автобус соқтығысып, 10 адам зардап шекті.
Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті: 4 адам зардап шекті