АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Алматы облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Алматы облысындағы жолдың бойында қоқыс полигонында өрт шығып, қалың түтін мен жолды көру мүмкіндігі болмай қалды.
"2025 жылдың 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында Алматы облысында “Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы” автожолының 29-38 шақырым аралығындағы учаскесінде (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Жолды бүгін түнгі сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
Ұлттық лператор қозғалысты ресми түрде ашқанға дейін жолға шықпауды ұсынды .