АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. ПХЭФ-2025 пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Владимир Путин Ресейдің экономикалық дамуына баға береді.
Бұл туралы РИА Новостиге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Путин экономиканың келешегін де бағалайды, деді ол.
Сондай-ақ жұма күні форумның пленарлық отырысында Ресей Орталық банкінің негізгі мөлшерлемесі талқылануы мүмкін.
"Президенттің сөзін жұрт әрқашан күтеді. Бұл көлемді баяндама болады", - деді Песков.
Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) 18-21 маусым аралығында өтеді. 2025 жылы форумның басты тақырыбы – "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі".