Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды

Ол зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Елорда тұрғыны алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.
2024 жылы елорда тұрғыны "WhatsApp" қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.
Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алу қызметтерін ұсынған.
Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.
Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.
Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.
Сот үкімімен ол сотталды.
Жамбыл облысында ер адам қайтыс болған әкесінің атынан зейнетақы алып келген