Алматы облысында қоғамдық бірлестік басшысы ұсталды

Ол шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Тергеу мәліметінше күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.
Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.
Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам Ресейде ұсталды