АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматылық тұрғын вокзалда бомба туралы жалған хабар бергені үшін сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны теміржол вокзалдарында жарылғыш зат қойылғаны туралы бірнеше жалған хабар бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өтеу барысында төрт рет таксофон арқылы қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған.
"Оның әрекеттері эвакуация мен төтенше қызметтердің жұмылдырылуына себеп болды. Жалған дабылдың салдарынан мемлекеттік органдарға келтірілген шығын 3,3 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізілген сараптамалар қоңырау шалған адамның жеке басын және оның сөздерінде тікелей қауіптің болғанын растады.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша кінәлі деп таныды.
Сотталушы мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге және өтемақы төлеуге міндетті.