Тоқаев Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі
Sputnik
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атады.
"Мемлекет басшысы АҚШ президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.
"Жүгі ауыр, күрделі жұмыс": Тоқаев дәрігерлерді алғаш рет Ақордада құттықтады