"Жүгі ауыр, күрделі жұмыс": Тоқаев дәрігерлерді алғаш рет Ақордада құттықтады

© Photo : АқордаТоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорадада медицина саласы қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : АқордаТоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады
Президент алдымен жиналған қауымды медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.
"Халқымыз "Бірінші байлық – денсаулық" деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің "екінші ұстазы" – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері", - деді Тоқаев.
Тоқаев дәрігерлерді құттықтады
Токаев Токаев выступил на церемонии награждения медицинских работников в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Тоқаев дәрігерлерді құттықтады
Осы орайда мемлекет басшысы жаһандық індет - ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болғанын да еске салды.
"Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. "Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей". Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін", – деп атап көрсетті президент.
© Photo : АқордаТоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Тоқаев Ақордада дәрігерлерді құттықтады
Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер де бар. Мысалы, Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл.
Ал Атырау облысындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Дәрігер 10 мың метр биіктікте адам өмірін құтқарып қалды
Жаңалықтар
0