АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Иран Израильдің соққыларына жауап ретінде баллистикалық зымырандар бағыттады, деп хабарлады РИА Новости.
Еске салайық, кеше Израильдің Иран Ислам Республикасына жаппай әуе шабуылын жасады. Салдарынан екі лауазымды әскери басшы қаза тапты. Бұл Ислам революциясы сақшыларының корпус басшысы Хосейн Салами және Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Мохаммад Багери.
Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменей өз мәлімдемесінде бірнеше командир мен ғалымның қаза тапқанымен, қарулы күштер қарсыластың шабуылына жауап қайтаруға дайын екенін айтты.
Осылайша Иран Израиль соққысына жауап ретінде жүзден астам дрон ұшырды. Дегенмен, Израильдегі БАҚ олардың барлығына тойтарыс берілгенін хабарлады.
Кейіннен Иран Изарильге қарсы баллистикалық зымырандарды бағыттады. Қазір бұл соққылардан зардап шеккендер саны 70-тен асып отыр.
Иран Израиль соққыларына қарамастар республиканың ядролық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыра беретінін хабарлады. Ал Тель-Авив өз соққыларына Иранның Израильге қарсы шабуыл ұйымдастыру себеп болғанын жариялады.