Таяу Шығыстағы қақтығыс: елшілік Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады

© Sputnik / 59travel.ru / Медиабанкке өтуТель-Авив қаласы
Тель-Авив қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері де іске қосылды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.
"Елшілік барлық қазақстандықтан тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", - деп жазылған үндеуде.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері де іске қосылды.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Еске салайық, Израиль армиясы Иранның әскери нысандарына әуеден соққы жасағанын хабарлады. "Арыстандар ұлты" деп аталатын бұл операция бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Израиль президенті Исаак Герцог бір жыл ішінде Қазақстанға келеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Израиль президенті Қазақстанға келеді
Жаңалықтар
0