Ақмола облысында ауыл тұрғыны ауласында 900 бұтадан аса қарасора өсірген

Қылмыс бойынша полицейлер 39 жастағы ауыл тұрғыны анықтады
Sputnik
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Ақмола облысы Жақсы ауданында ауыл тұрғыны бақшасында 900-ден аса қарасора бұтасын өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл факті "Қарасора – 2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында белгілі болған.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келген 39 жастағы ауыл тұрғыны анықталды.

"Тінту кезінде тәртіп сақшылары шамамен 500 грамм марихуана салынған пакетті тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Бұдан бөлек, үй іргесіндегі бақшада құрамында есірткі заты бар 920-дан астам қарасора бұтасы анықталып, түгел жойылуға жіберілді", - дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 300-бабы "Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Қарасора өсіргені үшін түрмеге жабылған ер адам ақталды