АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.
"Елшілік барлық қазақстандықтан тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", - деп жазылған үндеуде.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері де іске қосылды.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Еске салайық, Израиль армиясы Иранның әскери нысандарына әуеден соққы жасағанын хабарлады. "Арыстандар ұлты" деп аталатын бұл операция бірнеше күнге созылуы мүмкін.