АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Алматыда халықты депутаттардың атын жамылып алдайтын алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақтан.
Алматы қалалық мәслихаты соңғы кездері алаяқтық жиілеп кеткенін мәлімдеді. Белгісіз біреулер өздерін мәслихат депутаты ретінде таныстырып, төрағаның атынан сөйлеп, құқық қорғау органдарымен байланысты болуы мүмкін проблемалармен азаматтарды қорқытып жүрген көрінеді.
"Алматы қалалық мәслихаты мұндай өтініштердің өкілді органның қызметіне қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Мәслихаттың құқық қорғау мәселелері бойынша құзыреті жоқ және олардың жұмысына араласа алмайды", - деп ескертілді алматылықтар.
Мәслихат мұндай хабарламалар немесе қоңыраулар түскен жағдайда сабыр сақтап, ақпараттың растығын тексеру үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынды.