АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Израильдің Иран Ислам Республикасына жасаған жаппай әуе шабуылы кезінде екі лауазымды әскери басшы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Mehr ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін билік Ислам революциясы сақшыларының корпус басшысы Хосейн Саламидің қаза тапқанын растаған болатын. Израильдің шабуылы кезінде Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Мохаммад Багери де қаза тапты. Ол осы қызметке 9 жыл бұрын тағайындалған.
Ал Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменей өз мәлімдемесінде бірнеше командир мен ғалымның қаза тапқанын айтты. Бірақ қарулы күштер қарсыластың шабуылына жауап қайтаруға дайын.
"Қарулы күштер толығымен дайын және осы әрекетке шешуші жауапты міндетті түрде береді. Қарсыластың шабуылы кезінде бірнеше командир мен ғалым қаза тапты. Олардың ізбасарлары өз міндеттерін кешіктірмей орындайтын болады", - дейді Хаменеи.
Оның айтуынша, "сионистік режим мен Құрама Штаттар өз жазасын алады".