Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ыстанбұлдағы келіссөздерден нәтиже болуы керек - НАТО бас хатшысы

Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. НАТО бас хатшысы АҚШ президенті Дональд Трамп қолға алған Украина бойынша Ресеймен тікелей диалогтың басталуы маңызды деп санайды, деп хабарлады РИА Новости.
"Әрине, президент Трамптың істегені өте маңызды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы статус-квоны өзгертті. Мен оны осы үшін қолдаймын. Өөйткені мен мұны маңызды деп санаймын. Енді қадамдық тәсіл басталады", - деді ол Римде кеңейтілген "Веймар форматындағы" сыртқы істер министрлерінің кездесуіне келгенде.
Рютте Ыстанбұлдағы келіссөздерге де тоқталып, Ресей президентінің көмекшісі әрі делегация басшысы Владимир Мединскийді "тарихшы" деп атады. НАТО бас хатшысының айтуынша, Ресей Украина бойынша диалогты "мың жылдық тарихтан бастауға талпынып жатыр".
"Менің ойымша, мұндай әдіс көмектеспейді. Дегенмен, біртіндеп нәтиже болады деп ойлаймын", - деді Рютте.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша меморандум мазмұны жария етілмейді - Песков