Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 133 адамға жетті

Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Үндістанда ұшақ апатынан соңғы мәліметке сәйкес 133 адам қаза тапты.
Үндістандағы ұшақ апаты: 133 адам қаза тапты
Жолаушылар ұшағы дәрігерлер тұратын жатақхананың үстіне құлаған. Жатақхана әуежайға жақын жерде орналасқан. Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Соңғы мәліметке сәйкес, ұшақ апатында 133 адам қаза тапты.
Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді.
Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.
Еске сала кетейік, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайының маңында құлаған. Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.
Үндістанда жолаушылар ұшағы құлады