АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Алматының орталығында тұрғын үй жанындағы екі қосалқы нысан сүрілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Наурызбай батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанына заңсыз салынған екі қосымша нысан сот шешімімен сүрілетін болды.
Бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған.
"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қалалық сотының 2024 жылдың 16 шілдесіндегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды, ал екінші қосымша құрылысты мәжбүрлі түрде сүру бүгін, сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.