Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүрілді

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүрілді
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Жазылу
Бұрын аталған тұрғын үй кешені сатып алуға жатпайтын нысандар тізімінде болған
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бүгін қала құрылысын бақылау басқармасы Теректі шағын ауданындағы тұрғын үй кешенін сүрудің басталғаны туралы хабарлады. Бұрын аталған тұрғын үй кешені сатып алуға жатпайтын нысандар тізімінде болған.
Құрылысты салушы "Investment Stroy" ЖШС нысанды рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған. Заңсыздық жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Құрылыс иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, сот нысанды сүру және қазылған шұңқырды топырақпен қайта толтыру жөніндегі талапты қанағаттандырды.
"2023 жылдың 12 шілдесінде сот шешімді толығымен растады және материалдарды орындау үшін Әділет департаментіне жіберілді. Нысанды сүру сот орындаушыларының қатысуымен бір күн бұрын басталды", - деп жазылған хабарламада.
Басқармадағылар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын барлық құжаттың бар-жоғын тексеру қажеттігін ескертеді.
Алматыда медициналық бұйымдар зауыты ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2025
Алматыда ішкі сұранысты 90%-ға дейін қамтамасыз ететін медициналық бұйымдар зауыты ашылды
Жаңалықтар
0