Дәрігер 10 мың метр биіктікте адам өмірін құтқарып қалды

Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкері күні қарсаңында адам өмірін сақтап қалған дәрігерге қатысты оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған. Ресурс шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады, мұндайда әрбір секунд қымбат.
"Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек кқрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады - әйелдің жағдайы тұрақталды", - деп жазылған хабарламада.
Салтанат Исағалиева - жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Ол 10 000-нан астам ананы босандыруға қатысқан.
Оның еңбегі Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен:
"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағымен,
"Мамандығына адалдығы үшін" құрмет медалімен,
"Авиценнаның алтын жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады