Алматыға түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесі табысталды

Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. ️Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Аталған жиында "Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы" атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды.
Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.
Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағалауына 100 мыңға жуық адам жиналды