Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағалауына 100 мыңға жуық адам жиналды
10:18 06.04.2025 (жаңартылды: 10:21 06.04.2025)
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі"Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті

© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі
Жазылу
Мемлекет басшысы Ақтау қаласын Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. "Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Айтулы іс-шараға орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтауын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.
Президент өзінің құттықтау хатында Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануын еліміз үшін ғана емес, барлық бауырлас түркі мемлекеттері үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті.
"Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдей түсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін. Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін!" – делінген хатта.
Айта кетейік, салтанатты жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Венгрия елдерінен мәртебелі меймандар қатысты.
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі"Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті

"Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қарт Каспий жағалауында өткен ауқымды іс-шараға аймақ тұрғындары мен Қазақстанның өзге өңірлерінен, шетелден келген қонақтарды қоса алғанда 100 мыңдай көрермен жиналды.
Мерекелік бағдарлама түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын танытқан хореографиялық және вокалдық ұжымдардың өнер көрсетуімен өрбіді. Сахна төрінде Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің жұлдыздары: Димаш Құдайберген, Kalifarniya (Қазақстан), Мейірбек Атабеков (Қырғызстан), Роза Зәргерлі (Әзербайжан), "Ялла" тобы (Өзбекстан) өнер көрсетті.
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі"Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті

"Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті
© Photo : Мәдениет және ақпарат министрлігі
Салтанатты шараның басты нысандарының бірі – "Дархан дала" этноқалашығы. Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік.
Еске сала кетейік, Әзербайжанда өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің 40-сессиясында Ақтау қаласына Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын. Атаулы жыл көлемінде түркі мәдениетінің рухын терең сезінуге мүмкіндік беретін түрлі фестивальдер, концерттер, көрмелермен театр қойылымдар жоспарланған.
Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ аясындағы атаулы жылдар шеңберінде 2025 жыл Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор және дирижёр Нұрғиса Тілендиев жылы деп жарияланды.