АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қалалық полиция қызметкерлері құрылыс алаңында тұрған бірнеше көлікке зақым келтірген жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Анықталғандай, көліктер жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тиесілі болған және ұзақ уақыт бойы сол аумақта тұрған.
Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда көлік иелеріне келген материалдық шығын мөлшері есептеліп жатыр.
"Тергеу нәтижесінде жасөспірімдердің заңды өкілдері — ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар балалардың әрекеті Астана қаласы әкімдігі жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады", - деп жазылған хабарламада.
Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстап, заңға қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызын ескертеді.