Бұқтырма су қоймасында екі жасөспірім құтқарылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаДвоих несовершеннолетних спасли на Бухтарминском водохранилище
Двоих несовершеннолетних спасли на Бухтарминском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2025
Жазылу
Екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алыс алып кеткен
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында екі кәмелетке толмаған бала құтқарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Белгілі болғандай, SUP-бордта сырғанау кезінде екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алып кеткен.
Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына тапсырылды.
Жолда қалған 100 адам құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жолда қалған 100 адам құтқарылды
Жаңалықтар
0