Астана тұрғыны өз суретін рұқсатсыз қолданған баспаны сотқа берді

Баспадан 369 200 теңге көлемінде өтемақы өндірілді
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты авторлық құқықты қорғау және өтемақы өндіріп алу туралы істі қарады.
Сот хабарлағандай, талап қоюшы өз суретін баспа рұқсатсыз, авторлық құқықты көрсетпестен және сыйақы төлемей пайдаланғанына шағымданған. Ал бұл авторлық құқықты бұзу болып табылады.
Сот талқылауы барысында туындыны автордың келісімінсіз пайдалану фактісі расталды. Сотталушы жариялау фактісін мойындады, бірақ оның бір реттік сипатына сілтеме жасалған.
"Сот жауапкердің іс-әрекеті аңнамамен бекітілген авторлық құқықты бұзады деген қорытындыға келді. Сурет өрнек нысаны мен пайдалану әдісіне қарамастан қорғалатын авторлық құқық объектісі ретінде танылады", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылды.
Баспадан 369 200 теңге көлемінде өтемақы өндірілді және баспаның интернет-ресурсында материалды жариялау кезінде автордың аты көрсетілді.
Шымкентте такси жүргізушіні тонап кетті – сот үкімі шықты