Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды

Ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды
Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында орман алқабында жоғалып кеткен қарт әйелді құтқарушылар тікұшақтың көмегімен тапты, деп хабарлайды ТЖМ.
Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды
1957 жылы туған әйел орманда екі күн болған.
"Ол 7 маусымда таңертең Глубокое ауданының Черемшанка және Зимовье ауылдары арасында орманға шөп жинау үшін шығып, жолынан адасқан. Туыстары дабыл қағып, құтқарушыларға бар жайтты хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметі, орманшылар мен полиция қызметкерлерінің топтары дереу іздеуге шықты.
Құтқарушылар жоғары өтімді техниканы, тепловизорларды, дрондарды, кинологиялық есептоптарды және ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын іске қосты.
Іздеу жұмыстары орманға жету қиын жерлерде жүргізілді. Іздеу тобы орман алқабының әр түкпірін зерттеп, тікұшақ арқылы адасып қалған адамды тапты.
Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды
Кейуананың жағдайы қанағаттанарлық, ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды