Ақтауда Каспий теңізіндегі ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады

Нысан жұмысы басталуы Қытайдан ТХКБ маршруты бойынша 100 мыңыншы контейнердің келуімен айрықшаланды
Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Контейнерлік хаб мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
"ҚТЖ-ның Ляньюньган портымен серіктестігінің 10 жылында Ляньюньганда қазақстандық-қытайлық терминал, Khorgos Gateway Құрғақ порты, ал қазір Ақтауда контейнерлік хаб ашылды. Бұл жоба Қазақстанда көлік пен логистиканы дамытудағы маңызды қадам", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады
Жаңа хаб транзиттік мүмкіндіктердің өсуін қамтамасыз етеді және Қазақстанның Шығыс - Батыс, сондай-ақ Солтүстік - Оңтүстік және басқа да халықаралық маршруттардағы маңызды буын ретіндегі позициясын нығайтады, дейді компаниядағылар.
Нысан жұмысы басталуы Қытайдан ТХКБ маршруты бойынша 100 мыңыншы контейнердің келуімен айрықшаланды.
Жобаны "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қытайдың ірі порттарының бірі - Ляньюньган портымен және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ бірлесіп іске асырды.
Ақтауда жедел жәрдемді алдаған тұрғын айыппұл арқалады