Ақтауда Каспий теңізіндегі ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады

Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады
Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Жазылу
Нысан жұмысы басталуы Қытайдан ТХКБ маршруты бойынша 100 мыңыншы контейнердің келуімен айрықшаланды
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Контейнерлік хаб мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
"ҚТЖ-ның Ляньюньган портымен серіктестігінің 10 жылында Ляньюньганда қазақстандық-қытайлық терминал, Khorgos Gateway Құрғақ порты, ал қазір Ақтауда контейнерлік хаб ашылды. Бұл жоба Қазақстанда көлік пен логистиканы дамытудағы маңызды қадам", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады
Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Ақтауда Каспий теңізі акваториясындағы ең ірі контейнерлік хаб жұмыс істей бастады
Жаңа хаб транзиттік мүмкіндіктердің өсуін қамтамасыз етеді және Қазақстанның Шығыс - Батыс, сондай-ақ Солтүстік - Оңтүстік және басқа да халықаралық маршруттардағы маңызды буын ретіндегі позициясын нығайтады, дейді компаниядағылар.
Нысан жұмысы басталуы Қытайдан ТХКБ маршруты бойынша 100 мыңыншы контейнердің келуімен айрықшаланды.
Жобаны "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қытайдың ірі порттарының бірі - Ляньюньган портымен және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ бірлесіп іске асырды.
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Ақтауда жедел жәрдемді алдаған тұрғын айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0