Абай облысында қаржы пирамидасы халықтан 790 млн теңге жинаған

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды, үшіншісі үйқамақта отыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Абай облысында "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметі тоқтады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қаржы пирамидасы 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.
"Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен", - дейді агенттік.
Күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші адамның атына рәсімдеген.
"Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған ведомство.
8 мың салымшыдан 21 млрд теңге тартқан: Алматы облысында қаржы пирамидасы әшкереленді