Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрін қабылдады

Бүгін президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылды
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев министрге армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетері, бүгін президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Ал оның орнына орынбасары тағайындалды. Бұдан бөлек, Тоқаев тағы бір министрді қызметінен босатты.
Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады