АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары полицейлермен және еріктілермен бірлесіп су айдындарында профилактиканы жандандырды.
"458 рейд жүргізіліп, шара барысында 3 адам судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстанда жаппай демалуға арналған 25 жер учаскесі, шомылуға тыйым салынған 74 орын бар. Және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды.
Мамандар тексерілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын ескертеді.
Мамандар тексерілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын ескертеді.