Қостанайда жасөспірім суға батып кетті

© Pixabay / Jamir Tamboli Суға батты
Суға батты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Жазылу
Кәмелет жасқа толмаған 4 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қостанай қаласындағы Тобыл өзеніне 5 жасөспірім батып кеткен, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бес баланың төртеуін балықшы құтқарып үлгерген. Қайғылы оқиға 31 мамырда болған.
"Жабдықталмаған орында және суға түсуге болмайды деген белгі тұрғанына қарамастан кәмелет жасқа толмаған бес жасөспірім суға түскен. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді балықшы байқап қалып, дереу көмек көрсетіп, төрт баланы құтқарып қалған", - дейді ведомстводағылар.
Ал, бесінші жасөспірім суға батып кетті. Кәмелет жасқа толмаған 4 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құтқарушылар жасөспірімнің денесін тауып, судан алып шықты. Оқиға орнына Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінен 4 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0