Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Президент Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатып, оның орнынп Дәурен Қосановты тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Дәурен Қосанов бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болған.
55 жастағы генерал-лейтенант Армавир жоғары әскери әуе училищесін бітірген. Одан кейін Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында және Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясында оқыған.
Еңбек жолын Үшарал жойғыш ұшақтар полкінде бастаған. Талдықорғанда "Су27" эскадрильясының командирі, Қарағанды әуе базасының бастығы болды. Шымкент әуе базасын да басқарған.
Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды