Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр обороны Казахстана Руслан Жаксылыков
Министр обороны Казахстана Руслан Жаксылыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Руслан Жақсылықов 1966 жылы Қаскелең қаласында туған. Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты.
И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.
1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
4 қыркүйек 2008 жылы– Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.
22 қаңтар 2013 жылғы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
2014 жылы - генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы міндетін атқарды.
2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.
Жаңалықтар
0