Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды

Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Эколог күніне орай Алматы қаласында қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.
Тақтайшада ағаш туралы мәліметтер, яғни оның түрі, жасы және ерекшеліктері көрсетілген.
Әкімдік хабарлауынша, әзірге мұндай тақтайша Мақатаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан 1888 жылы отырғызылған емен ағашының жанында орнатылды. Болашақта әлемнің жетекші мегаполистерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қаладағы көпжылдық ағаштардың басым бөлігі осындай тақтайшамен жабдықталады.
(Бұл қадам қала тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық бағдарламасы аясында шаһарда қоқысты сұрыптап жинау жүйесін енгізу және саналы тұтыну мәдениетін дамыту бойынша тұрақты түрде экологиялық іс-шаралар мен акциялар өткізіліп келеді", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен ашылған алғашқы Экохаб базасында (Марков көшесі, 44) жиналған пластик қақпақтардан салпыншақтар, тіреуіштер, тақтайшалар, шахмат тақталары мен фигуралар, сондай-ақ, көше жиһаздарының элементтері сынды пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасалып отыр.
Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен 10 адам ұсталды