АСТАНА, 7 маусым - Sputnik. Елордада 8 маусым күні "Астана – есірткісіз қала" акциясы аясында аудан тұрғындары арасында "BAIQONYR RUN" жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Жарыс "Алатау" спорт кешенінде (Ж.Тәшенев көшесі жағынан) өтеді. Жалпы қашықтық – 4 шақырым жол.
"Қатысушыларды тіркеу тегін жүргізіледі және таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жалғасады. Іс-шара спорттық жарыс болып есептелмейді", - делінген хабарламада.
Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушыларға естелік медальдар беріліп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.