https://sputnik.kz/20250501/astanalyqtar-birlik-kuninde-zharys-zholyna-shyqty-53053199.html
Астаналықтар Бірлік күнінде жарыс жолына шықты
Астаналықтар Бірлік күнінде жарыс жолына шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Астанада "Бірлік жүгірісі - 2025" республикалық жарысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 01.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-01T11:07+0500
2025-05-01T11:07+0500
2025-05-01T11:29+0500
1 мамыр
https://sputnik.kz/img/07e9/05/01/53056401_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_6c2ac417752fa02fb50aa05e172eb85c.jpg
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Астанада "Бірлік жүгірісі - 2025" республикалық жарысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінгі шара таңғы сағат 7:00-ге белгіленсе де, оған қатысушылар екі сағат бұрын жинала бастады. Бірлік күнінде ұйымдастырылған жарысқа біраз адам жиналды. Әкімдіктің есебіне сәйкес, 3 мыңнан астам адам келді. Елордалық желаяқтармен бірге өзге өңірлерден келген қатысушылар да жарыс жолына шықты."Жарыс бір уақытта еліміздің 20 облысында өтті. Басты мақсат – бірліктің, достықтың және салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өту. Спорт бәрімізді бір арнаға тоғыстырады. Бүгін әртүрлі ұлттар мен түрлі жастағы адамдардың арасында жүгірдім – міне бұл ұлттар арасындағы нағыз достықтың белгісі", – дейді қатысушылардың бірі.Қатысушылар бірнеше қашықтыққа жүгірді. Олар:Республикалық жарыс Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және "Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл" ұранымен өтті.Жарыс кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінде көлік қозғалысы шектелді. Ал іс-шараның соңында жүлделер ұтысы ұйымдастырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/01/53056401_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_8b945e789c44f3af54f282cabe26fdaa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
1 мамыр
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Астанада "Бірлік жүгірісі - 2025" республикалық жарысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінгі шара таңғы сағат 7:00-ге белгіленсе де, оған қатысушылар екі сағат бұрын жинала бастады. Бірлік күнінде ұйымдастырылған жарысқа біраз адам жиналды. Әкімдіктің есебіне сәйкес, 3 мыңнан астам адам келді. Елордалық желаяқтармен бірге өзге өңірлерден келген қатысушылар да жарыс жолына шықты.
"Жарыс бір уақытта еліміздің 20 облысында өтті. Басты мақсат – бірліктің, достықтың және салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өту. Спорт бәрімізді бір арнаға тоғыстырады. Бүгін әртүрлі ұлттар мен түрлі жастағы адамдардың арасында жүгірдім – міне бұл ұлттар арасындағы нағыз достықтың белгісі", – дейді қатысушылардың бірі.
Қатысушылар бірнеше қашықтыққа жүгірді. Олар:
балалар мен инклюзивті жүгіру - 1 шақырым;
скандинавиялық жүріс – 5 шақырым;
жаппай қолдау жүгіру іс-шарасы - 5 шақырым;
сертификатталған трассалар - 10 және 21,1 шақырым;
командалық эстафета - 30 шақырым.
Республикалық жарыс Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және "Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл" ұранымен өтті.
Жарыс кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінде көлік қозғалысы шектелді. Ал іс-шараның соңында жүлделер ұтысы ұйымдастырылды.