Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды

Кен орнында ұңғымадан газ-су қоспасы шығып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат орын алды.
Кен орнында ұңғымадан газ-су қоспасы шығып кеткен. Апат "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымада болған.
"Varro Operating Group компаниясының объектісінде ұңғыманың корпусынан газ-су қоспасы шыққан. Зардаптарды жою үшін 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 дрондар тартылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.
Оқиға орнында "оқиғаны оқшаулау бойынша жұмыстар" жалғасуда. Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысындағы апат: кен орнында шығып жатқан газ тоқтатылды