Атырау облысындағы апат: кен орнында шығып жатқан газ тоқтатылды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. 8 наурызда "Ембімұнайгаз" АҚ-ға қарасты Батыс Прорва кен орнының № 437 ұңғымасында ауаға шығып жатқан газ толығымен тоқтатылды, деп хабарлады Atyrau online ақпарат порталы.
Ұңғыма тығыздалған, "Ақ Берен" ЖШС әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің күшімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 6 наурызында Батыс Прорва кен орнының № 437 ұңғымасында перфорациядан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ шығып, өрт болды.
Оқиғаның салдарын жою үшін "Ембімұнайгаз" АҚ жедел штабы құрылды, "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер - Өрт сөндіруші" ЖШС, "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет есептері тартылды.
Оқиға орнында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылдановтың басшылығымен мамандар тобы жұмыс істеді.
Нефтяная скважина загорелась в Атырауской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Атырау облысындағы кен орнында мұнай ұңғымасы өртенді
Жаңалықтар
0