Батыс Қазақстанда өрттен қайтыс болған 5 бала жер қойнына тапсырылды

Жымпиты ауылында үй өртеніп, бір үйдің бес бірдей баласы қаза тапты
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 маусым - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында өрттен қайтыс болған бес баланың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды "Мой город".
Жымпиты ауылында бес бірдей баланы жерлеу рәсімі өтті. Балаларды соңғы сапарға шығару үшін туыстары мен ауыл тұрғындары жиналды.
Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың айтуынша, отбасы өткен жылдың қараша айында баспана алу үшін кезекке тұрған. Қазір отбасын демеушілердің көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.
Еске сала кетейік, 4 маусымда Жымпиты ауылында үй өртеніп, бір үйдің бес бірдей баласы қаза тапты. Балалардың үлкені 5 жаста, кішісі 8 айлық болған.
Батыс Қазақстанда өрт салдарынан бір үйдің бес баласы көз жұмды