АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.