Тоқаев Иран президентін Құрбан айт мейрамымен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.
Құрбан айт намазының уақыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Инфографика
Құрбан айт намазының уақыты
Жаңалықтар
0